Семинар-практикум

16.09.2026

16 қыркүйек Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицей базасында «Білім алушыларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру: нормативтік талаптар және тиімді өзара іс-қимыл» атты аудандық семинар-практикум болып өтті.

Іс-шараға «Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ әдіскер-үйлестірушісі, Бұланды ауданы жалпы білім беретін мектептердің директорлары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлер, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер, педагог-ассистенттер және психологиялық-педагогикалық қолдау қызметіне қатысы бар басқа да мамандар қатысты.

Шара барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға кешенді қолдау көрсету жолдары, практикалық жағдайларды талдау арқылы мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіру, білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің тиімді жұмыс тәжірибесімен алмасу сынды тақырыптар талқыланды.

Іс-шара басында аудандық білім бөлімі әдіскері Г.Р.Баитова келген қонақтармен таныстырып, семинардың негізгі мақсат-міндеттерін түсіндірді.

Семинардың негізігі қонағы «Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ әдіскер-үйлестірушісі Д. М. Абдилова «Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметіне қатысты жаңа нормативтік-құқықтық талаптар» тақырыбында баяндама оқыды.

Сонымен қатар мектеп-гимназия педагог-психологы А.М.Азанова мен тәрбие ісі меңгерушісі О.В.Пучек өз презентацияларын таныстырып түсіндірді.  

Шара соңы қатысушалар арасында өзара пікір алмасу, сұрақ-жауаппен қорытындыланды.

Просмотров: 41


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу